Менің кеуде тұсымда қоңырау бар – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Менің кеуде тұсымда қоңырау бар» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 665
Менің кеуде тұсымда қоңырау бар,
Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар.
Жел үзгенде жылатып жапырағын,
Сағыныштан сарғайды сары баулар.
Көк аспанда қалқыды қарлығашым,
Жоқ боп қалған кезінде барды ұғасың.
Қара орманға қарлығаш қайтпай қалды,
Алатауым сілкіді қарлы басын.
Теректердің тамыры тозбағасын,
Жасыл орман тосады өз бағасын.
Сырымды айттым жылаған жапыраққа,
Жүректегі жалыным маздағасын.
Тежей алмай шалықтап кеткен нұрды,
Көбелекке ілесіп көктем кірді.
Жанымызды барады жарқыратып,
Аппақ шуақ аралап көк пен қырды.
Жанымызды барады жарқыратып,
Жарқыраған шуақтың арты бақыт.
Найзағайлар оянып түн ішінде,
Аспан жаққа ойнады алтын атып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері