Колбиннің кезінде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Колбиннің кезінде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Брежнев алаңында
Ұл-қыздарымды
Қанжоса қып
Жығып салғаннан кейiн;
Қолдарына бұғау,
Мойындарына
Құрық салғаннан кейiн –
Әне бiр ақ бас
Бақа құсап тарбаңдап
Колбинмен
Жылап көрiскен.
Әне бiр қақбас
Қоңыз құсап тоңқаңдап
Колбиннiң аяғына жығылып
Құлап көрiскен.
Бiр-бiрiнiң үстiнен
Қаптап, қанарлап
Өсек тасыған, –
Бiрi шықса,
Екiншiсi кiрiп –
Толассыз! –
Кезек тасыған.
Естi еркек деп жүргенiмiз
Ебелек құсап
Елпең қаққан.
Тектi тентек деп жүргенiмiз
Тексiз боп шығып
Шелтең қаққан.
Бiреулерi
Күйiктен
Iшiп кеткен.
Бiреулерi
Кәрi төбеттей
Арпылдап үрiп
Iсiп-кепкен.
Бiреуi
Аузынан жын шашқан
Лаңға айналған.
Бiреуi
Ұрты уға толы
Жыланға айналған.
Айтатынын
Қақыратып айтқан
Азаматтарым да болған.
Ауыздығын
Қарш-қарш шайнап
Жер тарпыған
Қазанаттарым да болған.
Болған!
Бәрi де болған –
Колбиннiң кезiнде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Колбиннің кезінде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Колбиннің кезінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Колбиннің кезінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Колбиннің кезінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері