Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 2398
Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген,
Менi ұмыт,
Бақытты бол еркегiңмен.
Махаббат кеудемдегi көзiн жұмсын,
Беймезгiл өткен жандай ерте өмiрден.
Қош, қош, қош,
Ол аз болса, тағы да қош.
Бұлбұлым, ендi басқа бағыңа көш.
Жаңғырып жадымызда жатсын мəңгi,
Жақсы күн,
Жəннат түн мен жадыра кеш...
Қош, бикеш, бейпiл бейiл, тəттi ерiндi,
Тəрк еттiм, амал қанша, тақ-төрiңдi.
Оңаша ой кешкенде еске алармын,
Өзiңмен бiрге болған сəттерiмдi.
Қош, бикеш,
Қош дейiн де қол бұлғайын,
Уақыт бермес бiзге ендi ыңғайын.
Жастық та бiр қызық қой, қас қағымда,
Өтетiн төгiп-төгiп жаңбырдайын.
Қош, кермиық Келiншек, сұңғақ бойлы,
Уақыт ендi бiзге қымбаттайды.
Мың мақам мұңын шағып, сырын шертiп,
Жүрегiм ендi ешкiмге үн қатпайды.
Қош, бикеш,
Қош, Келiншек, сұңғақ бойлы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош, кермиық Келiншек, ерке күлген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері