Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда
Бұл бетте «Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда,
Қыста тоңбай, шөлдемей cap тамызда.
Тағдыр, заман, бәрі де сүріндірмек,
Бар ауырды артады арқамызға.
Арыз айтпан, алғанмын қасарысып,
Сонда ғана көктемей жатар ісік.
Ізгілікті eгe алсаң, кетеді екен
Қызғаныш пен күншілдік қатар үсіп.
Бар ауырға ұмтылдым, арқаладым,
Елемедім қанардың орталарын.
Балдай шәрбәт дәміне қызықпадым,
Ұрттап көрдім әдейі, жорта, зәрін.
Мен әуелден жылауық бола алмадым,
Аз сый емес, адамға ол Алланың.
Менің еншім, әкемнен мұра қалған,
Еңбек сүйдім, болғаны сол алғаным.
Сол еңбегім жеткізді арманыма,
Түсірмеді ешкімнің қармағына.
Сол еңбектің арқасы, жарқын жүзбен,
Қарай алам, ұялмай жан жағыма.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі