Көктем

Бұл бетте «Көктем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1063
Көктем келді:
көк шығып, жер гүлдеді,
Көкте күн мейірлене елжіреді.
Ашылған жаңа ғана жауқазынның
Бетінде ақ маржаны мөлдіреді.
Судан бу көтеріліп, сағымданып
Даланы қойғандай бір нұрға малып.
Жапырақтар самал сүйген сыбырласса,
Қостайды басын иіп гүл ырғалып.
Балалар сайды кезіп салып асыр,
Түбінен тобылғының жұлып сасыр,
Гүл қадап қалпағына, бақ-бақ үрлеп,
Көгалда сауық құрды ұлан-асыр.
Бүлдіршін жаңа туған жас қозы-лақ,
Ол да мәз күншуақта салып ойнақ.
Дәл біреу қуғандай-ақ әдейілеп,
Жүгіріп дүбір салып өтеді ойнап.
Күйбеңдеп қарт әжелер шықпай ұзап,
Ойнатып немересін жүр қызықтап,
Естілген қыр астынан еміс-еміс
Дауысын трактордың тыңдайды ұзақ.
Егіске қыр астында жұмылған жұрт,
Дегендей мақсатымды қимылдан ұқ.
Кең пейіл жомарт қазақ даласынан
Нысана – биыл тағы миллиард пұт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері