Өте шықтың жазға ұқсап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өте шықтың жазға ұқсап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Мен туғанмын шыққаннан соң азат күн
Қыш үйінде қарапайым қазақтың.
«Қызға тыйым қырық үйден» білмеймін,
Татқаным жоқ дәмін ондай азаптың.
Ұл менен қыз тағып қызыл галстук.
Қатар өстік, оқып өнер салыстық.
«Ақ аюды арқаға әкеп өсіріп,
Самолетпен айға ұшып барыстық».
Таған тептік, шаңғы киіп жарыстық,
Саят құрып, өлкемізбен таныстық.
Жас көктемдей гүлдей бердік құлпырып,
Болғаннан соң жүрек ыстық, жан ыстық.
Қайсыбір шақ бұртиысып ойынға!
Ол кезде тек мұқату боп ойында.
Жетекшіге арыз айта барып ап,
Алатынбыз тентектікті мойынға.
Әлі есімде Жақсыбайдың Нұрымы,
Жыны бар-ды десе қыздар бұрымы.
Арқасына тисе де топ жұдырық,
Қоймаушы еді желбең қағып мұрыны.
Оқытушы шақырарда қартаға
Лентамыздан байлап қойып партаға.
Мұғалімді күлдірем деп бүлдіріп,
Екілікті басатұғын қалтаға...
Шіркін сол бір балалық шақ, балғын шақ!
Дәмі кетпей таңдайыңнан балға ұқсап!
Әрбір күнің той-думанға бергісіз,
Өте шықтың жарқыраған жазға ұқсап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өте шықтың жазға ұқсап өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өте шықтың жазға ұқсап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өте шықтың жазға ұқсап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өте шықтың жазға ұқсап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері