Құзғын мен бұлбұл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құзғын мен бұлбұл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 533
(Мысал)

Алдында жалпақтап жүретін,
Ол жымиса, қарқылдап күлетін,
Жандайшап жапалақтарын жинап,
Бұйырды байғыз:
Анау бұлбұлды
Орманнан, орнынан тайғыз.
Құзғынға ұнамай жатыр,
Сайрауық бұлбұлсып батыл,
Құзғынға құзғынсың депті,
Елемей отырған көпті,
Құзекемді соншама сөкті,
Сөйтіп ол заржақ сорлы
Құзекем абыройын төкті.
Құзекем бақаша булығып,
Көзімнен жойыңдар депті.
Жапалақтар жалп-жалп ұшты,
Бұлбұлдың соңына түсті...
Құрыттық, қираттық десті,
Құзғынның көңілі өсті...
Орманды құзғынға беріп,
Өмірін әнменен еріп,
Бұлбұл жүр еркімен сайрап,
Құзғын жүр тек тісін қайрап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құзғын мен бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Құзғын мен бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құзғын мен бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құзғын мен бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері