Салют – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Салют» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 846
1
Салют! – дейді
амандасқан қыз-жігіт.
Арқамыздан сонау жылғы ызғырық
Есе қалып,
ойланамыз,
өзге еді-ау
Отты жылғы көрген салют біз біліп.
Жеңісті алып келген еді-ау ол есіп,
Бауырласқа да алып берген белдесіп
Есе-теңдік,
ерік-бақыт, бостандық
Толарсақтан
тер ғана емес,
қан кешіп.
Ол Отанның әмірімен жаралған.
Теңіз халық тілегінен нәр алған.
Басымсыған жаудың басын игізіп,
Ұлылыққа
табындыра оралған.
2
Салют!
Салют!
Көргенбіз ғой сан қарап,
Салют деген ел мерейі салтанат
Құрған шақта,
Ұлы болып бас иіп,
Ұлылыққа тағзым ету сан қабат.
Салют! —
Ізгілікті тани білу, ерлікті
Алдында оның кішірею,
Ең мықты
Ісі үшін
Ер мерейін тасытып.
Сол арқылы
есіре алу елдікті.
Ұлы болу —
емес және бұйыру,
Емес көпті
алдыңа әкеп иіру.
Ұлылық сол —
Ұлылықтың мінбесінен түсе алу,
Ұлылыққа
ұлыларша
тіке тұрып иілу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салют өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Салют өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салют өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салют өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері