Үміт – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үміт» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Тағдырыңа көрші кәне бағынбай,
Адамдыққа тұрармысың табынбай!
«Япыр-ай» деп қалатының болмаса,
Табынғаның айтқанынан табылмай.
Жұбатады түлкі үміт
Сағымдай
Ол баураса,
Кім соңынан сабылмай
Тұра алады
Күллі арманы ғасыл боп
Өткен бар ма үміт тауы шағылмай!
Сан армандар құл болса да өз басым
Жүректегі үміт көзі тозбасын,–
Деп қараймын.
Жақсы үміт жетелеп,
Талабыңды тек ілгері қозғасын.
Сәтіменен ақталуын осы үміт,
Бақыт дейміз көңілімізді өсіріп.
Сақтасын да жүрек отын өшіріп,
Қалғанынан үміт мүлде кесіліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері