Шөл – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шөл» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 753
Шөл бар менде Қызылқұмдай аптаған
өртеп менi ыстығына қақтаған.
Мүмкiн емес өлшеу оның аумағын,
сыйып кетер оған теңiз, тауларың...
Кiшiрейтiп ала алмайсың масштабпен
оның бүкiл ауданын.
Өкпе-өзектi,
жүрегiмдi суырып,
жатады ол өн бойымды қуырып.
Мейлi менi ауысқан де, есер де! –
мейiрi оның қанбайды
күндiз-түнi төксе-дағы нөсерлер.
Төзем әрең көнбесем де,
көнсем де
қанбайды ол аңызақ боп қақтаған
Байкал менен Балқашты алып келсең де.
Қанбайды ол шығарсаң да ел-селiн.
САҒЫНЫШ деп аталады ол шөлiм.
Кебiрсидi өкпе, жүрек, алқым да, –
жатады ол туған жер боп алдымда.
Ендi бiрде қыздырады, қысады,
болмай қалса достарымның құшағы.
Азабына көнбе мейдi, көн мейлi
алғашқы бiр махаббат боп өртейдi...
Өн бойымды орап ыстық жалынмен
қақтайды шөл жүрегiмдi жаныммен,
Ақырында жетпей төзiм, шыдамым,
сол шөлден мен өлетiн де шығармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөл өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шөл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері