Ұмытшақ болайықшы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұмытшақ болайықшы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Жау көбейтіп адамдар арасынан,
Пайда тауып қайсыбір таласынан.
Түлкі қулық қуғандар табылады
Болғанымсып баршаға жаны ашыған.
Есікте айтқан екі ауыз бейкүнә сөз
Төрге тоқсан құбылып жетеді тез.
Креслодан ызғырық есе қалып,
Өңменіңнен өтеді ызалы көз.
Осыдан соң басып көр қадам алға...
Кінәсізден шырмалып мүшкіл халға .
Түсіп,
Одан шыққанша шаш ағарып,
Тыныштық тілер күн жетер шыбын жанға.
Қырсық басы – төрт құбыла,
төрт мүшеңдей,
Бірін ғана іш тартып,
үшін сенбей
Алалайтын
Кінәң не,
бауырым-ау,
Үш мүшеңе денеңде пейіл бермей?
О, ағайын, осыны қояйық та!
Бір бұтаққа топ құстай қонайық та!
Жақсылықты жүрекке ұялатып
Жамандыққа ұмытшақ болайық та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытшақ болайықшы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұмытшақ болайықшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытшақ болайықшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытшақ болайықшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері