Дастарқан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дастарқан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Дастарқанның жөні бөлек,
Мәні ерекше, достарым,
Оны халық сыйлайды ерек,
Тәлкегі етпей басқаның.
Бекерге ол жайылмайды,
Әр дастарқан мәні бар.
Бұлты айыққан күн тәрізді,
Жарқын жанға танылар.
Алысыңды жақын етер,
Дос етер ол жақынды.
Кейістіні келістірер,
Елші сынды ақылды.
От басының берекесі,
Азаматтық нәрің бар,
Бәрі, бәрі дастарқанның
Ажарынан танылар.
«Атың барда деген халқым,
Желіп жүріп жер таны,
Асың барда беріп жүріп,
Ел тірегі ер таны».
Әлемге сол аппақ, адал
Дастарқанмен танылған,
Еліміздің үрдісі бар,
Жеріміз жоқ жаңылған.
«Жаман асын жапалақша
Бауырына басып жер,
Жақсы ақ иық қыран сынды
Аймағына шашып жер».
Деген сынды қалған мирас
Халықтық мол нұсқалар.
Дастарқанды, дәм аттауды
Ең сұмпайы іс санар.
Халық айтса қалт айтпайды,
Тек мәніне жету бар.
Адамдыққа, адалдыққа
Азбас басшы ету бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дастарқан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Дастарқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дастарқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дастарқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері