Сәйкессіздік – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сәйкессіздік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Құндыз ішік,
бұлғын бөрік,
Көз қуантар,
сәнге серік
Затсың,
бірақ қоса алмайсың
Кигендерге ақыл бөліп...
Не болмаса тұрар пұлға,
Жан-жүректі бөлеп нұрға,
Кигендердің жасын ептеп
Шегерсең ғой бір он жылға.
Көз суарып, «келісіпті»,–
Дейтұғындай, сол ішікті
Бүркесе ғой ойқы-шойқы
Бойындағы кемістікті.
Танымайды адамды кім,
Түсінбейді бағаңды кім.
Бұлғын бүркеп тұра алмайды
Бадырайған жамандығың.
Мүмкіндік пен қажеттілік,
Сәйкеспейсің кезек тұрып.
Үйлестіру бұл екеуін
Керек етеді көп ептілік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәйкессіздік өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сәйкессіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәйкессіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәйкессіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері