Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың,
Жанарға жас, көңiлге мұң аларсың.
Есiгiңнен елесiм сығаласа,
Қайдан менi есiңнен шығарарсың?!
Ес жиғызбас сол ғажап елестейiн
Көкiрегiңнен елеусiз мен өшпейiн.
Екi айырған тағдырмен екеумiздi
Сен егеспе,
Мен де ендi егеспейiн.
Арамызға əзəзiл, түспей бүлiк.
Өтiп жатқан өмiрдi түстей бiлiп,
Жыласақ та жүрейiк iштей жылап,
Қуансақ та жүрейiк iштей күлiп.
Тамашамыз кеткен соң тарқап анық,
Өтер күндер өкiнiш арқаланып.
Өмiр – өзен айдынға барып құяр,
Табанында тақыр тас, малта қалып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері