Жек көремін мен сені, жек көремін! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жек көремін мен сені, жек көремін!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 2124
Жек көремін мен сені, жек көремін!
Бізден гөрі көкке анау көп керегің...
Тырнағынан ғайыптың майып болсаң,
Тырнап ашып көзімді көктер едім!
Көктер еді жас өскін өртеңінде,
Бүгінім де,
Ертегім – ертеңім де!
Үр қызына ұқсаған ұрғашым да,
Елден, белден айрылған еркегім де!
Көктер еді құбақан мына халык,
Жұрты жұттан қалмаса жұдаланып...
...Бала көңіл байғұстың айыбы не,
Ойыншықпен ойнайтын жылап алып?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері