Уыз сүті қос анамның – Естеу Нүсіпбеков

Бұл бетте «Уыз сүті қос анамның» атты Естеу Нүсіпбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.10.2019
  • 0
  • 3
  • 32022
Мешін жылы ақпандатқан,
Ақ түтекте туыппын.
Ақ құндақта сезе қоймай,
Не екенін де суықтың.
Ауғын атам қуаныпты,
Шаңырағына шайқалған.
Шаншылатын болғанына,
Үміт тірер уықтың.

Әжем менен қос шешемнен,
Кем көрмеппін әлпешті:
Кекірелеп,
Кезек-кезек
Еміппін де ақ төсті.
Қың деместен бесігімде
Өткізіппін бар кешті.

Содан шығар зейіл-зердем,
Мінгені ұстап Ұстамды.
Содан шығар абыржусыз,
Кешіп аттап қыстаңды.
Сақтауым да сабырлылық,
Байыздылық нұсқамды.
Тептіргенім қызыл көзді
Мысық ниет Мыстанды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Анашым өлен

Анашым ал ең

Мұрат

Естеу Нүсіпбековтың Уыз сүті қос анамның атты өлеңі маған ұнады

Фуууу

Блин

Осы автордың басқа өлеңдері