Мен — балықшы

Бұл бетте «Мен — балықшы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5542
Серік болып Салыққа,
Барып едім балыққа.
Алабұға, ақ шабақ
Берді маған көп сабақ.
Қармағыммен ойнады,
Жемімді жеп қоймады.
Талай-талай қатырды,
Міне қалтқы батырды.
Жайлап тартып сағаға,
Сып еткіздім жағаға.
Тағы ұятқа қалдырды —
Алып шықтым балдырды.
Көлдің ойнап сазаны,
Маса да алды мазаны.
Шаққан жерін ісірді,
Әбігерге түсірді.
Түк ұстамай кеш болды,
Бар еңбегім еш болды.
Жеңіл ғой тек айтуға,
Ұялдым құр қайтуға.
— Ұстадың ғой өндіріп,—
Деп Салықты көндіріп,
Бір балыққа салмақты,
Ауыстырдым қармақты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен — балықшы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Мен — балықшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен — балықшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен — балықшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері