Дәм айыру – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Дәм айыру» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1490
Гүлмамырға

Тісің шықты - иегіңді жарып, қанап,
Жейтін болдың дәміңді — анықтап ап.
Құйтақандай көжегім! — әрнәрсені
Отырасың аузыңа салып қарап.
Қылығыңның біз үшін бәрі де аңыз,
Шешең жарыта алмаған — әлі қарыз.
Ауызыңа қолдарың жақындаса:
"Ойбай, жеме!
Жаман!.." — деп жалынамыз.
Өбектеумен өзіңе өтті күнім,
Күн де ерекше тәтті бір төкті нұрын ...
Жақпас нәрсе аузыңа салып қойып,
Тыжырынып қалады "жоқ мұрының".
Саған сақтап сыбаға дайындаған,
Жатқан шығар дастархан — сайын далаң!..
Ғұншагүлдей ерніңнен, айналайын,
Ащы менен тұщыны айырмаған!
Ғұншагүлің қауызын ашады ертең,
Таң күлімдеп алдыңнан аса көркем.
Ақ жаулықты әжелер-ақ бас шыңдар,
Бар тәттісін жолыңа шашады өлкем.
Нұр ұялап содан соң маңдайыңа,
Самал еріп шабады шалғайыңа.
Татымағай, әйтеуір, деп тілейік —
Ащы тағдыр, ащы жас таңдайыңа!
Балапаным, мамығы үлпілдеген,
Сезіктеніп тамағын түртіп жеген ...
Ащы мұңын көзімнің шайып жібер,
Ерніңдегі тәп-тәтті күлкіңменен! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәм айыру өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Дәм айыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәм айыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәм айыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері