Дауыл алдындағы тыныштық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дауыл алдындағы тыныштық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3110
Шекаралық бағандар
Тұр ұқсаған солдатқа.
Айнала тас, тау заңғар
Иран жатыр ар жақта.
Қарс жабылып қабағы,
Қара түнек қазандай.
Жатыр Иран жаралы
Қанатын бір жаза алмай.
Аш-жалаңаш, әл бітіп,
Көздерінен тамып жас.
Қамығады қан жұтып,
Иран қызы қарындас.
Қарап ғаріп мүскінге
Құриды ылғи жұрт мысы.
Ұшады Иран үстінде
Америка жыртқышы.
Көмейін оқ кептеген,
Зеңбіреқтер булығып.
Жасырынып шөппенен
Тасаларда тұр бұғып.
Иран қару кезенбей,
Қоймас батқан зар-мұңға.
Қазір тыныш кезеңдей,
Тұрған дауыл алдында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл алдындағы тыныштық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дауыл алдындағы тыныштық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл алдындағы тыныштық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл алдындағы тыныштық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері