Қайың мәйегі

Бұл бетте «Қайың мәйегі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2056
Жаздың ыстық күнінде
Соғады үйтқып жалын-жел
Жатты қайың түбінде
Жаралы бір жауынгер.
Кешіп дала сағымын,
Жетті ол шөлдеп, қаталап.
Жарып қайың қабығын
Қолын тосты жата қап.
Ақ қайыңның шырыны,
Сусын болды сырадай.
Бекіп әлсіз буыны,
Жанды көзі шырадай.
Сезбеді ол жұтқанын,
Сумен қоса күн нұрын.
Аспанның ақ бұлттарын,
Таңғы шықтың мөлдірін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайың мәйегі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қайың мәйегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайың мәйегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайың мәйегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері