Колхоз музейі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Колхоз музейі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2023
Тұр музей көлдей кең іші,
Қалада емес,
ауылда.
Тұтасқан колхоз жемісі —
Төртбұрышты қабырға.
Көз алдында бар қыстақ
Тіршілігі қызулы.
Қыз барады қолға ұстап,
Жұлдыздардай жүзімді.
Бау-бақшамен құлпырып,
Асқақтаған зор қала.
Кәрі шешей тұр күліп,
Соған қарап ортада.
Байыппенен бір-бірлеп,
Көрсең музей залдарын.
Сөйлегендей күмбірлеп,
Өткенің мен алдағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Колхоз музейі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Колхоз музейі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Колхоз музейі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Колхоз музейі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері