Ленинградтағы марс алаңында

Бұл бетте «Ленинградтағы марс алаңында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2056
Жатыр алан —
Қызыл гүлден
Қолға Қызыл ту ұстап,
Жатыр алаң —
Қызыл күннен
Қызыл отты уыстап.
Жатыр алаң —
Жалпақ елге әйгілі.
Жатыр алаң — бейне мұхит айдыны
Жатыр алаң —
Дүниеге даңқы асқан.
Жатыр алаң —
Жарқыраған
Гранитті жартастан.
Көк шыршалар
Басын иіп ізетпен,
Көк шыршалар —
Революция құрбандарын күзеткен.
Олар сонау Октябрьдің таңында,
Оққа ұшқан Қысқы Сарай жанында,
Қандары бар Октябрьдің таңында,
Рухтары айналған от-жалынға.
Жатыр сонда, халқым,не бір аяулың,
Бір күрсінбей ете алмайды көкірек,
Жалынменен жазып өмірбаянын
Мәңгіліктің қалған олар оты боп.
Демесеңіз құрбандарда
Тек қимыл жоқ, дауыс жоқ.
Марстың гүл алаңында
Жанып жатыр Марс боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленинградтағы марс алаңында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ленинградтағы марс алаңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленинградтағы марс алаңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленинградтағы марс алаңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері