Мен жазбаған бір өлең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Кейде бұлттай түнерем,
Кейде ғажап гүл өрем.
Түсіреді сан күйге,
Мен жазбаған бір өлең.

Айтқан кезде аспан ән,
Қияларға бастағам.
... Жанарымнан, сол өлең,
Жаудырады жасты әман.

Тұрған жандай табыттан,
Мұң көгенін ағытқам.
... Қуантады сол өлең,
Сәттерімде жабыққан.

Сезімдердің шынары ең,
Біздер ғашық бір әлем.
... Алпыс екі тамырды,
Әлі айналып жүр өлең.

Сүрлеуі оның – ойымда,
Оқылар ма тойымда?!
Салған мені күйге ерен,
Бір өлең бар бойымда.

Кейде бұлттай түнерем,
Кейде ғажап гүл өрем.
Жарқыл қағып қанымда,
Әлі де жүр бір өлең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен жазбаған бір өлең өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мен жазбаған бір өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен жазбаған бір өлең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен жазбаған бір өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері