Ұйықта, балам, ақ түн бұл – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Ұйықта, балам, ақ түн бұл» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3035
Ұйықта, балам, ақ түн бұл
Айлы түннен аумаған.
...Ала-құла шапқынның
Арасына байланам.
Мұңына да ешкімнің
Ұқсамайтын бұл қайғым.
Мың ораған көш. Түннің
Үнсіздігін тыңдаймын.
Алды-соңы мен емес
Ойға оранған орманда.
Не деп мынау желеді ес?
Жылдар өтті арманда.
Аңсап жаным ел түнін.
Айдала. Түн. Қамықтым.
Ой бұлттарын серпігін,
О, анық түн, тамұқ түн!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері