Сағыныш – Сүндет СЕЙІТОВ

Бұл бетте «Сағыныш» атты Сүндет СЕЙІТОВ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көзімді зағипқа беріңдер,
Қолымды батырға беріңдер,
Жолымды ақынға беріңдер,
Жанымды анама беріңдер,
қайта өмір сүрсінші ол!

Терімді кітапқа қаптаңдар,
Қылмыскердің емес,
Ақынның терісі дерсіңдер...

Көзімді - өзіме беріңдер,
Қолымды - өзіме беріңдер,
Жолымды - өзіме беріңдер,
Жанымды қайтармаңдаршы,
Қайта өмір сүрсінші ол...

Көзіммен көрейін соны,
Қолыммен ұстайын соны,
Жолыммен шақырып оны,
Жаныммен сүйейінші мен,
Сағындым...

Қылмыскердің емес,
Ақынның сағынышы дерсіңдер...

(СМС) 8 қыркүйек, 2019 жыл.


Пікірлер (1)

Арука

«Сағыныш» — Сүндет Сейітов. Бұл өлеңде автор сағыныш сезімінің терең шынайылығын, махаббат пен аңсаудың бірлігі мен айырылмас байланысын көркем тілмен жеткізген екен.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері