Жанартау – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жанартау» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.05.2021
  • 0
  • 0
  • 3150
Зәулім-зәулім заңғар тау
Шығыс-батыс шегінде,
Лапылдақ жалын, іші қау
От ойнақшыл тегіңде.
Қарындай кепкен қампайып,
Борсып, бықсып, булыққан.
Ашылып аузы аңқайып,
Түтектен түтін, бу шыққан.
Ұшқыннан от бұлқынып,
Күрс-күрс, быж-быж оқ...
Жалаңдап жалын жұлқынып,
Айнала түскен қызыл шоқ.
Лаба жалын жандырды
Тас, қоқыр, тікен, сіріні.
Тұншыққан жылан түтінге,
Көзінен ақты іріңі.
Қызыл жалын тазалап,
Куарған қорданы өртеді.
Жас балдырған жаңалап,
Жайқала шықты өртеңі.
Жанардың жанған жалыны,
Жердің жүзін жарық етер.
Жарылқар жалшы-жарлыны,
Жаңа жұрт жасар, қарық етер.

1922


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері