Өлең, жыр, ақындар

Телефон күту

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 518
Естен танды қиялым да,
Жайылмады қанаттарым.
Тілдеспейді ол бүгін маған,
Тезірек өт сағаттарым.

Сағыныштың шіркейлері,
Үймелейді көзіме кеп.
Жайламасын сүркей мені,
Тезірек өт, тезірек өт.

Жай қозғалар сағат тілі,
Жылдамдатса жүрістерін.
Минут тілі шыр айналса,
Тұрма секунд тыныш тегін.

Маған келе жатқан мұңды,
Орта жолдан кетіре сал.
Алпыс рет сыртылдамай,
Он екі рет секіре сал.

Тауысам ба жүрек сырын,
Отырсам да бірден жазып.
Өкпелетіп алдым білем,
Көңілі оның гүлден нәзік.

Биік еді назарымда,
Өркен жайған бәйтеректей.
Хабарласып қалар ма әлде,
Тұра тұрсаң қайтеді өтпей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Қапалақтап қар да жаусын,
Жаңбыр да ұзақ сіркіресін.
Толастамай дауыл соқсын,
Күн де ұзақ күркіресін..

Толық

Ақша қар

  • 0
  • 0

Алматыға қалың түскен ақша қар,
Келдің бе сен Алтайдан?
Әжелердің ақ самайы секілді,
Бұл мекенді ойлай-ойлай қартайған.

Толық