Мұқағали-бір өлең – Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Бұл бетте «Мұқағали-бір өлең» атты Əсем Іздібаева Сағынтайқызы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Дара тұлға,ұлы шайыр ,бір өрен
Жырларына сыйып жатқан бар əлем.
Тарихымен тамырында ұлылық
Орнап тұрар Мұқағали-бір өлең.

Жас тамдырып жанарына азғынның ,
Жалынына шабыт қосқан жастардың.
Өлеңінде өмір атты өзен бар,
Толқындары тербеп тұрар тасқынын.

Жыры білім, шежіреде,дастанда
Жеті қат жер ,жыры оның аспанда.
Ғибраты бір сөзінен білінер,
Əр өлеңі қымбат жауһар тастан да.

Сағыныш бар ,сабылыста,күйбелең
Өз өлеңі өзін оның түйреген.
Жай мақтауды санасына қоспаған,
Мұқағали ерек ақын өзгеден.

Тасытпасын,асыртпасын жасында,
Қарапайым болмысы тек қасында
Ақындығын адамдыққа бойлатқан,
Ұлы тұлға бір туатын ғасырда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері