Өлең, жыр, ақындар

Күз деймізбе ,күңіренген күн нұрын!

Күз деймізбе ,күңіренген күн нұрын,
Жаз болсада көкіректе кірлі мұң,
Біреу алға ,біреу кері сүйреп жүр,
Жаратқанның бірге берген тірлігін.

Алға жүріп арнасынан асқандар,
Шынайлыктан шыңырау жол баскандар.
Кері тартып ,күймесімен құздарға,
Ойы арам надандарды тастандар.

Деп айтсамда сөз шындығын сүбелі,
Жылынбайды тұла бойдың күдері.
Себебі көп, сан алуан жандар бар,
Айла арқылы өрге басқан тілегі.

Мұндай адам әр сөзіме тілдесер,
Сирек болар мендік сөзге бірлесер.
Жан өмірде мені жау деп санайтын,
Жаны арам жүрегі тас пенделер.

Өмір басшы жағынасың жатсынбай,
Бұл заманда нан кедейде,тəттің бай.
Күресіңді өзің үшін жеңесің,
Қараламау үшін сені жақтырмай.

Бірақ бұған адамдықты қамшыла,
Айла қоспа титтей дағы тамшыда.
Сүрінесің олай етсең ,түбі анық,
Торғай болып кеткендей боп қаршыға.

Біреу сөгер, біреу айтар дат маған,
Өзге пікір құлдыратар жат маған.
Ақылдарын тек айтсыншы бір жандар,
Қулығының құрығын еш тақпаған.

Міне осындай асылдардын тәлімін,
Адалдығын жаны менен тəнінің,
Сақтап жүрген ,жандар келіп ой бөлсін,
Ақ батасын алып жүрген кәрінің.

Мен осынша ғибратты жақтаймын,
Үміт артса әл жеткенше ақтаймын.
Құр сылаңдап жүрген емес салмақты,
Жандарды тек алда деймін мақтаймын.

Мейлі олар есіктегі күң болсын,
Мейлі басшы ,ісі мыгым тың болсын.
Әйтеуір тек өмірінен жақсыны,
Жиған болса жетет бойга ,кім болсын.

Міне адалмын ,деген жанның барлығын.
Көрсетпеген пейлінің тарлығын.
Көрем депте есептемейім ешқашан,
Жандардан мен шалыс басқан тағдырын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұртуған туған ауыл -Жыр!

  • 0
  • 0

Жыр кемеден теңіз беттей қармадық,
Өлең жанды өмірденде жалғадық.
Тыныс дəмім нəрлі ауасын сезінген,
Жырлы ауылға нұрлы ұрпағын салған нық.

Толық

Өмір ағын!

  • 0
  • 0

Сұңғақ өмір! сиқырлады сыр əнін,
Басылғанша ,жазады екем құмарым.
Менің тұйық əлемімнің пердесі
Шашылатын күтетіндей шуағын.

Толық

Жан толғау

  • 0
  • 0

Əр қайғымнан ақ жүрегім қараңғы,
Не улайды түсінбеймін санамды?
Жақсылықты сирек қана сезініп,
Жиілетіп көре берем жаманды.

Толық

Қарап көріңіз