Өлең, жыр, ақындар

Паж бен диірменшінің қызы

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 471
(1797)

Паж
Апыр-ау,
Сен айдалада,
Асығасың қайда ғана?
Жөніңді айтсаң — несі мін?
Диірменшінің қызы
Лиза ғой есімім.
Паж
Жоқ па, сірә, қайырымың,
Тырмаңды ала қаштың ба?
Диірменшінің қызы
Біздің үйдің жайылымы —
Мына қырдың астында.
Паж
Жалғыз қорқып жүрмейсің бе?
Диірменшінің қызы
Қорқып...
шалғай қыр дейсің бе?!
Асығыспын, көп бөгеме,
Құс келіпті қаңғырған,
Баққа барып, өкпелеме,
Алмұрт терем шалғыннан.
Паж
Самалхана жоқ па онда?
Диірменшінің қызы
Салынғаны көп болған,
Екеуі бар, бір емес.
Паж
Неге керек құр егес,
Сонда барып ән тыңдап,
Қайтайық та, періштем,
Лизажан, салқындап,
Алмұртыңды терісем...
Диірменшінің қызы
Кім деп тұрсың мені сен?
Қолдарыңды аямайсың, беу неге
Паж
Өзіңді де қатты қысам кеудеме...
Диірменшінің қызы
Белгілі ғой қулығыңыз,
Сөзіңізге кім нанар,
Мынау қара сулығыңыз,
Аппақ ұнға былғанар.
Дәл өзімнен айнымаған
Сүйем батырақ ұлын да.
Құшағын сол жайды маған,
Жұқпайды ғой ұн-ұнға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Миньона

  • 0
  • 0

Сен білесің бе лимондардың
Бау бақшасын гүлденген,
Қызыл күрең тәтті
Апельсиндер жапырақтарына жабысқан,

Толық

Айға

  • 0
  • 0

Сіңлісі Күннің,— Айысың,
Назсың бір жүрген жабығып,
Күміспен шеккен шәйісің,
Тұрасың тұман жамылып.

Толық

Түнгі ойлар

  • 0
  • 0

Жарқырап тұрған жұлдыздар,
Сендерді жарылқап, аяймын!
Құдайдан да, құл-пенделерден де ақы-телім сұрамастан,
Теңіздегі жолаушыларға жарық беріп,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар