Өмір ағын! – Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Бұл бетте «Өмір ағын!» атты Əсем Іздібаева Сағынтайқызы жазған өмір туралы өлең берілген.

Сұңғақ өмір! сиқырлады сыр əнін,
Басылғанша ,жазады екем құмарым.
Менің тұйық əлемімнің пердесі
Шашылатын күтетіндей шуағын.

Əйбəт жүрек!ақылдыға алыптау,
Қайрат тілеп,қапа ойдан жалықтау.
Арманының аясына сыймаған..
Асыл жаным,ақылсыз бір жорықтау.

Күйбің тірлік!-деп айтатын пырақпыз.
Күлкісінен ,күміскілеу шуақ мұз,
Санасынан ,сабасына тоқтаған
Сабыр деген -серігі бар бір атпыз.

Солғын Өмір! солқылдатып соқты əлек,
Айталатын қасиет жоқ ,тоқта деп,
Апаратын кернеуіне килігіп,
Ұмтылатын бір пендеміз бақпа деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері