Табындым мен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Табындым мен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
- Бір тал шашың өрілмей қалып қапты-ау,
Қуан досым көп өтпей хат келеді,
Хат тасушы бір хабар ап келеді - ,
Десе досым хат келіп қалатындай,
Жүрегім бір рахат табатындай,
Қайта-қайта жол жаққа қарайладым,
Хатың жайлы қиялдап сан ойладым.

Тірсегімнен асырып бәрін өрмей,
Жүрсем де қойды хатың тағы келмей!

Ғашық жүрек сезімін жасыра ма?
Жасыра ма бәріне бас ұрама?
О, махаббат, сен үшін табындым мен,
Өзім баптап өсірген шашыма да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері