Өмірзақ Қалбайұлы – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Өмірзақ Қалбайұлы» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1974
От кеудеңді тербеп нәзік сырлы ағын,
Теңіздердей буырқанып тынбадың.
Прометейдей шырақ тасып еліңе,
Азияда шалықтады жыр әнің!
Таңдандырған бүкіл байтақ ғаламды,
Сізді көрсем, көргендеймін даламды,
Шетсіз-шексіз талантыңа бас иіп,
Марғұландар беріп кеткен бағаңды!
Шежіремен жұрт алдында еңбекпен,
Өзіңсің ғой ақ жауындай жыр төккен.
Біздер үшін бастау бұлақ көзісің,
Жүрек қылын тебірентіп тербеткен.
Жаңғырттырған Маңғыстауда тау ішін,
Сенде оты ар ожданмен намыстың,
Жырларыңнан естіп күнде толғанам
Бабалардың ерлік толы дауысын.!
Иә, Бекет-деп, тұрады олар тіл қатып,
Түсінгенге даналықпен сол бақыт,
Қалың Адай, Алты алаштың қорғаны,
Тәңір өзі батыр қылған жаратып.
Ерлік даңқ асқан емес олардан,
Іздерінде інжу маржан ой қалған,
Ұлылығың келер толқын ұрпақты,
Сусындаттың сол бір мөлдір қайнардан !
Кім ұмытар бұл өрлікті абызым
Адайларға дара біткен жұлдызым,
Жарығымен нұрландырып ұл қызды,
Талпындырған биігіне шың құздың.
Сезем бәрін бастан кештің талай сын,
Өткен жолға ойға батып қарайсың.
Маңғыстаудың баға жетпес абызы,
Мәңгі өшпейтін ізгі ісіңмен, жарайсың!
Менде жалын жырыңды оқып өскенмін,
Құтты болсын асқар шыңды сексенің.
Бабалардың тәбәрегі киелім,
Кел құшақтап еміреніп иіскейін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірзақ Қалбайұлы өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмірзақ Қалбайұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірзақ Қалбайұлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірзақ Қалбайұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері