Болатхан Тайжан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1493
Дақ түсірмей киелі ата - салтына,
Дем біткенше қызмет қылып халқыңа,
Ерліктердің жасап бердің ғажабын,
Қайталанбас болмысы кең нар тұлға!
Іштен қайнап елім – деген арман ән,
Ұшқып атып намыс атты жалыннан,
Адал жасап қиындықтардан сескенбей,
Тайсалмадың биік мақсат жолыңнан!
Тура қарап ақиқаттың бетіне,
Ем іздедің қоғамыңның дертіне,
Жан кешті боп жолын аршып шындықтың,
Берік болып елге берген сертіңе.
Арды қолдап отқа түстің ел үшін,
Армандаумен кеңге тартқан өрісін,
Отты санаң Отаным – деп алаулап,
Қайсарлықтың көрсете алып үлгісін!
Ұры – қара алаяқтар жақтырмай,
Шаң боратып,тас атсада шапқылай,
Сен қайтпадың ерлік – өжет мінезден,
Кісілікке бірде-бір кір жұқтырмай.
Бойыңдағы сарбаз көрік талғаммен,
Сен алыстың дүние қуған жандармен,
Ойлар салдың санасына ұрпақтың,
Бар ғұмырды ізгілікке арнаумен!
Ойлауменен нар халқыңның мүдесін,
Жол іздедің ақиқаттан ел үшін,
Даңқ қуып менменсінген тірлікке,
Жәдігөйлердің тілгілеумен кеудесін!
Сан қақталған талай дауыл төсінде,
Сене біліп қара халық күшіне,
Парызыңды өтей біліп ерлікпен,
Азамат боп қалдың елдің есінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болатхан Тайжан өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Болатхан Тайжан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Болатхан Тайжан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болатхан Тайжан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері