Айыптымыз – Нұрай Бақыт

Бұл бетте «Айыптымыз» атты Нұрай Бақыт жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Суыттың сезімді де, көңілді де,
Қалды ма бекер үміт құр кеудемде?
Махаббат болмады емес болған еді,
Бағаланбас бала жүрек өмірімде

Білесің бе?
Ашылмаппын өзгеге сенен бөлек,
Іздедім жылулықты сенен ерек.
Сан қиырлы қиындық кездесер деп
Сені іздегем жанымнан мұзды жүрек

...Оқ болып тиді сол бір ісің жүрегіме
Ғашықтар сүймейді дәл осылай, білесің бе?
Мейлі егерде жек көріп, жерлесең де
Айыптымыз екеуміз,
Мен де,
Сен де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар