Айға арзу айтып ем аспандағы
- 0
- 0
Айға арзу айтып ем аспандағы,
Аспанның да көзінен жас тамбады.
Бұлбұлдардың амалы біткен білем,
Қарғалардың заманы басталғалы.
Бұл бетте «Бір бала (Халық әні)» атты Бақытжан Мадина жазған бала туралы өлең берілген.
Айға арзу айтып ем аспандағы,
Аспанның да көзінен жас тамбады.
Бұлбұлдардың амалы біткен білем,
Қарғалардың заманы басталғалы.
Шыда, шыда, сəл шыда, шыда, жаным,
Аман болсақ табармыз бір амалын.
Ағылады аузыңнан əлі-ақ ақ май,
Табылады тəңірден сұрағаның.
Құдай берген ауруды емдетпедім,
Адам деген атымды пенде етпедім.
Көбелекше елігіп көп қызыққа,
Ебелекше еркімді желдетпедім.
Қамап қойып ішіне тас қамалдың,
Тағдырымды табанға тастаған кім?
Енді кімге айтамын арманымды? –
Мен өзімнен бүгінде басқа адаммын!
Әбіләз
Авторы Бақытжан Мадина ма әлде халық па?