Мына жақтың желдері – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мына жақтың желдері» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Қыс па, жаз ба, бәрі бір, күн бе түн бе,
Қошаметтер күтетін құрметіне.
Қаладан да соғатын, даладан да,
Соғам деген келсе олар бір бекімге.

Жетем деген жеріне жететұғын,
Жетпек түгіл сәл асып кететұғын.
Қолтығың ба, қоншың ба қарамастан,
Өтем деген жерінен өтетұғын.

Жауап күтпе, тыңдай бер сұрағыңа,
Тыңдамасаң сайрайды құлағыңа.
Қол соға сал көлбеңдеп жетіп келсе,
Күле салғын кеп тұрса жылағың да.

Үлгіретін қаумалап құшып беттен,
Мына жақтың желдері пысық неткен.
Кетіре алмас қуған мен сезімді олар,
Көздерімнің ішіне түсіп кеткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері