Ностальгия

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1432
Бірден-бірге азайып отты өлеңім,
Көз мұңымен қарайды көпке көңілім.
Өткені ме шынымен жазғы наздың,
Өткені ме шынымен көктемемнің?
Бірте-бірте барамын салқынданып,
Бар қызуым біткен бе балқып, жанып...
Əншейінде ойнайтын жалтыл қағып
Түсіме де кірмейді алтын балық.
Жылауық та емес-тін жырым бұлай,
Шіркін, сылқым көктемнің шырын күні-ай!..
Жұртқа жымын білдірмес жырындыдай
Адасқақ та емеспін бұрынғыдай.
Бірден-бірге барады күйім келмей,
Шоң желкеме шөмеле үйілгендей.
Қайда кеткен гүлдерім қызыл-жасыл?
Қайда кеткен күндерім құйын-желдей?
Серілігім азайып, сергелдеңім,
Өлең болып барады енді ермегім.
Енжар тартқан еңсемді, беу, дүние-ай,
Ерінімен еркенің емдер ме едім...
Өңешінен өте алмай өткелеңнің
Көз мұңымен қарайды көпке көңілім.
Шыныменен жеткені-ау қоңыр күздің,
Шыныменен өткені-ау көктемемнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ностальгия өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ностальгия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ностальгия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ностальгия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері