Танпынар – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Танпынар» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 908
Танпынар сатысы тым биік, тұңғиық аудай
мөлтеңдер,
Төңкерген мыс қазан секілді Ай жүзген теңіздің
бедері өртенген.
Қыш тастың сұп-сұры бетінде құлаған
жап-жарық шумақтар,
Көкірек түбінен көлбіреп ағады,көмейден
көркем зер!
Мүйізі Ай ілген арайлар арасын іздеген аяулы
сырқатым,
Музалар әлемі бек қайғы екен-ау жанымды
жыртатын.
Ыстамбұл іңірі Бұғыра мұржары,
мұнара бұғазда бұрқа тым,
Сабағы үзілмей сақталған ең соңғы сынаптай,
шуақтай үзімдер,
Таң атты тағы да таң мұнар тамаша қалғыған
тұрпаты,
Аспанда ұзын бұлт,бұғазда ызыңды қызыл жер,
Қып-қызыл айдарлы қыздар жүр
озанын шырқатып.
Шырқатып не бір ән, дауыстар толқында көпіріп,
Өкініш секілді...
Не деген керемет!
О, пірім!
Шағала аспандап, өктем бір үрейлер өкініш,
нөпір үн,
Ажал жүр айналып, қалықтап Босфордың көпірін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Танпынар өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Танпынар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Танпынар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Танпынар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері