Көріндіңдер тақ биіктен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көріндіңдер тақ биіктен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Табатын жауқазындай жазға ұнасым,
Іздейін бүгін соны сөз бұласын.
Жеті асқар желіп асқан құттықтауға
Ғазиздің өзін һәм Гүлжазирасын.
Қос бауырым құтты болсын мерейтойың
Нарықтың құлағында салған ойын.
Тектілер ғана шығар тақ биіктен
Көрініп тұр түлғалы асқақ бойың.
Барласақ адам алуан жаратылған,
Жандар көп күн батырып, таң атырған.
Сапында саналылар орыны бар
Ғазиз бен Гүлжазира, дара тұлғаң!
Жеті асқар айтуға көп, өмірге аз.
Әрқилы ой, әркімде әр көңілде наз.
Еңбекте, от басында парасатты
Келдіңдер ғұмыр кешіп тәрізді жаз.
Санасам оның бәрін дерегім көп,
Көрнеуді көрсетудің керегі жоқ.
Кімнің кім екендігін шақ ғұмыры
Ойлаймын өзі-ақ айтып береді деп.
Ақ бурыл тартып сақал-шаш ағарып,
Келесің қосағыңмен қоса ағарып.
Халықтық ақ батаның заңды иесі,
Сендерді алда бақыт тосары анық.
Бауырлар біздер соған тілектеспіз.
Жылжыған жылдарды асып ұлы көшпіз.
Сексеннің сеңгірінде тойларында
Тойлайық тағылым, ғибрат — біздер ескі із.
Жоқ болып қалған ғұмырда озарыңыз
Бір-бірін ғана болып назарыңыз
Ақ шуақ қана болып ақ ордаңыз
Ешқашан тарқамасын базарыңыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көріндіңдер тақ биіктен өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көріндіңдер тақ биіктен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көріндіңдер тақ биіктен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көріндіңдер тақ биіктен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері