Жазғы кеште

Бұл бетте «Жазғы кеште» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Жанға аса жайлы жазғы бір кеште
Кергенім есте, сезгенім есте:
Жағасы құрақ айдынды көлден
Қоңырқай самал еседі төске.
Маужырап, мүлгіп, тұнып тұр аймақ,
Ескегім суға сүңгиді жайлап.
Жылжиды баяу дірілдеп толқын,
Шоршиды шабақ бетінде ойнап.
Теңселе түсіп келеді қайық...
Шағала кектен қанатын жайып.
Шүйіліп келіп шолады көлді,
Ол сәтте шабақ, болады ғайып.
Мүлгіді іңір, хабарлап түнді,
Ойнайды шабақ білмейді мұңды.
Жарқ етті кенет шағала сонда,
Шолп берді суға, шабақты ілді.
Мейлі жұрт мұны құр сурет десін,
Дәлелдеп оның жатамын несін.
Табиғат сұлу нұрына балқып,
Әдемі бұл бір тыныққан кешім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы кеште өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жазғы кеште өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы кеште өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы кеште өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері