Құштарлықтан жаралмаса дүние – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Құштарлықтан жаралмаса дүние» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құштарлықтан жаралмаса дүние,
Жүрмес ем-ау күйіне де сүйіне.
Түтін түтетіп, тірлік отын жақпасам,
Өзге түгіл өзімнің де үйіме.
Сүйініштің шат-шадымен әуені,
Өмір берді, заман берді мәуелі.
Жеке басты ойламаймыз, ойлаймыз
Туған елдің тыныштығын әуелі.
Сүйініш пен күйініштен жаралған,
Ей, дүние, желден жүйрік бал арман.
Жеткізбесең жеткізбеші, бірақ та,
Көз жаздырып кете көрме қараңнан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері