Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Таңбалы тас

Бұл бетте «Таңбалы тас» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3197
(Жығылған пәруана)

Қираған жақпар жыртылған мұқаба сынды,
Алдымнан көне таңбалы кітап ашылды.
Көне таңбаны шоқыған бозторғай дауысы,
Биіктен қалқып түсті де бұтаға сіңді.
Оқығым келіп қанша рет қамданып бардым,
"Әрі жүр!"- деді бұтағы шамданып талдың.
Бозторғай айтқан өлеңнің мәтінін ұқпай,
Әуенін түсінгеніме малданып қалдым.
Пәруана құсап үйірілген шамдал қасына,
Қайырыла берем.
Сан ой кеп аңғал басыма.
Ұлпа тамағы бүлкілдеп әлдене дейді,
Молдаторғай да қонып ап балбал басына.
Аманат-жырын бабамның сөзге жүктемек,
Болып ем, қайттім?
Ештеңе сезбедік, демек.
Құс тілін ұқсам, оқысам тастағы сөзді,
Бұл мылқау әлем кетердей өзгеріп кенет.
Сезбестей халде,
Түссе де аспан айналып,
Күйзелем,
Жерде ең соңғы қасқадай ғаріп.
Пенделер күліп өтеді сыртымнан мошқап,
Мен қалам ымырт басқанша тасқа байланып.
Аспаны мұңды бүл жердің.
Түсі де есімде,
Өзге реңк ала бастайды кіші бесінде.
Ақ періштелер түнімен тастағы жырды оқиды-ай келіп,
Байғұс-ау, түсінесің бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңбалы тас өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Таңбалы тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңбалы тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңбалы тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері