Ақша бұлт – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ақша бұлт» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Ақша бұлт. Сен армансың көкте жүрген,
Сен жаусаң гүлдер жайнап көктем күлген.
Арудың көйлегіндей үлбірейсің,
Именіп ақбоз үйге еппен кірген.
Қарашы туған жердің хал-жайына,
Бүршік те шықпай қойды тал бойына.
Сені аңсап қара тауда құлазиды,
Жартастың тамшы тимей таңдайына.

Ақша бұлт сен армансың қол жетпеген,
Өзіңді жел ме тәйір тербетпеген?
Тұрғанда бар табиғат ғашық болып,
Жайыңды түсінбедім селдетпеген.

Мұсылманға ақ нәрсе киелі екен,
Қара жер де сен жаусаң ійеді екен.
Қалжырап қалғып жатқан қайсы тауға,
Ақша бұлт ақ маңдайын сүйеді екен?!

Атады деп алдымнан күліп таңым,
Сезімімді қымтадым, суытпадым.
Сеннен бійік болуды аңсамаймын,
Келеді саған ғана жуықтағым.

Ақша бұлт. Сен армансың көкте жүрген…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша бұлт өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ақша бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақша бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері