Сәлем Зайсан

Бұл бетте «Сәлем Зайсан» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Қайғым, мұңым түйдей құрдас сенімен,
Келдім міне Өр Алтайдың елінен.
Тағдыр шығар тәлкек қылған біздерді,
Жерімнен аң, құс ұшырмай көгімнен.

Тау да біреу, өзен біреу тегі мен,
Жарма құрттай қайтып сенен бөлінем?
Талайларды жолықтырмай зарлатқан,
Қызыл сызық басып өттім сені мен.

Кесте тігіп, ою салып сырмаққа,
Қажеті жоқ қара мынау гүл баққа.
Күн батарда саған жиі қараушы ем,
Сені шығыс дейді екен бұл жақта.

Шырқыраған сәбидейін құндақта,
Тентек өзен тепкіленіп тіл қатса.
Дейтін атам Жайсаң көлге құяды ол,
Сені Зайсан дейді екен бұл жақта.

Көз жастардың бар ғой кезі тиылар,
Жаратқанның берген ғажап сыйы бар,
Өзендер кеп Зайсан көлді толтырса,
Тағдырлар кеп бір арнаға жиылар.

Неге жасқа шыланасың кірпігім,
Ақ қағазға түсірейін жыр тілін.
Көз мейірім қанар емес апыр-ай,
Ұйықтамай ақ қойсам ба екен бұл түні?…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем Зайсан өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сәлем Зайсан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем Зайсан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем Зайсан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері