Тірі сүгіреттер – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Тірі сүгіреттер» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 1
  • 0
  • 1046
Жылқылар түнейді бағзы Қарашыңында,
жылғалар қашады бұлақтар күңгір
кісінеп...
Қара шың – аттардың отты қарашығында,
Ойменен ойнайды күндізгі сүгірет...
Күндізгі сүгірет,
жаныңды түшкірткен жаздың күшті миясы.
Гүлдер қалғиды бірінің қанатын бірі
жамылып, алақан – дағы,
Түрен жағалау жаппай құстың ұясы...
Түгел әуелеп ұшады ертең жазылған
балапандары!?
Қиқулар аспандап, биікте лағып,
ағып ұшқыны,
Аршаның түтіні ұйып, тұнады тақтадағы
үйден,
Бие бау жанында маужырап сағыныш
тұнық,
Атам атқа қоныпты тағы... ақ, қара киген!
Ақ, қара деген...
Шуақ пен абаттың құбылы!?
Баспай ілгері, біріміз артқа сүйрейміз,
біріміз кері.
Адамдар – аяусыз шашылған сағаттың
сынығы,
Тасқа жабысқан қайран баяғы башпай
іздері!?
Қасірет, қуанышымен сызулы ұлы
ғасырды теңдеп,
Түйелер сүйрейді әріге әлі де мұрындық
ұшын.
Иығың үстіне тірі басыңды жерлеп,
Сүгіреттер сүгіретке сіңісе береді терең
бұрынғы мүсін!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірі сүгіреттер өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Тірі сүгіреттер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірі сүгіреттер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірі сүгіреттер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері