АЛТЫНЫМА – Unknown poet

Бұл бетте «АЛТЫНЫМА» атты Unknown poet жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаралған дара, өзгеден бөлек болмыс-бітімің,
Дана бір туған, ұқсамайтұғын өздік үмітің.
Ғайыптан келген бейнедей жұмбақ жандай бір,
Қол жетпес шыңда тас жарып өскен нәркес гүлмісің?!

Қалыпың ерек, ұқсатпаймын да сірә әркімге,
Ұмысұнатын ұлы адамзаттың биігі менен өріне.
Ғаламда сөз жоқ жан сарайыңа теңдесер де теңкелер,
Қайтейін, Жаным
Суреттеуге де қызыл тілдің құдіреті шіркін жетпесе.

Қыз Жібек пенен Баян Сұлу да көркіңе сенің тең келмес,
Толықсыған ай жүзің, жайнаған жұлдыз – наз, кербез.
Зүбаржат та, дүр гауһар менен ақ жақұт,
Лағыл тас та, саф алтын бәрі дәл өзіңді еш теңгермес.

Жұмбақ тас сынды жұмбағыңды шеше алмай,
Ғұмырым өтер құпияңа сенің әсте жете алмай...
Аласұрамын, мың толғанып, сан рет жаңылып,
Ұшқыр да ойым дәрменсіз мынау тереңге бойлап бата алмай...

Мөлдіреген тұнықтығын неткен-дүр!
Табиғаттың саған тартқан сый деп біл.
Жарқырашы сәуле шашып жарқыным,
Шуақ болып тамсындырып күйге бір. ✨✨✨


Рухани-философиялық лирика стилінде.

ГЛОССАРИЙ:
Ғайып – Тәңірлік әлем;
Нәркес гүлі – нарцисс;
Ұмсыну – ұмтылу;
Зүбаржат – изумруд;
Гауһартас – бриллиант;
Жақұт – сапфир;
Лағыл тас – рубин;
Саф алтын – қоспасыз таза алтын;
Наз – сүйкімді, жарқын, көрікті;
Кербез – асыл қарапайым, талғампаз;
Дүр – сенде тұр;
(һүр – хор қызы).

17.ХІІ.2024ж.


Пікірлер (1)

Санду

Супер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

АЛТЫНЫМА өлеңінің авторы кім?

Unknown poet — осы өлеңнің авторы.

АЛТЫНЫМА өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

АЛТЫНЫМА өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Unknown poet өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

АЛТЫНЫМА өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері