Ағам бар еді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ағам бар еді» атты Сәкен Иманасов жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1673
Әнуар Әлімжанов рухына

Ағам бар еді мір тілді,
Жағам бар еді — жыртылды!
Қан жылап тұрған жүрекпен
Жұбатам қалай жұртымды?!
Жасырып жерге мәрт ұлды,
Жұбатам қалай халқымды? —
Телегей теңіз дариясы
Тебірене тұрып тартылды!
Төре де болып терге өтті,
Турасын айтып, өр кетті.
Барлайтын елдің ертеңін,
Шарлап та келіп жер-көкті!
Қайығы жүйрік кемеден,
Жазығы биік төбеден.
Алдына келген адамның
Атасы басқа демеген.
Беткейі шүйгін бел еді,
Белден де биік беделі.
Атқа да мінді, таққа да,
"Астым ғой елден!" демеді.
Алды бір Жайық, кең Еділ,
(Асықтың екен неге бұл?)
Сендей-ақ болар дейтін ек
Халқының қамын жеген ұл!
Амалың бар ма ажалға,
Аңырап қалдық азанда.
Әнуар өткен жол бірақ
Сия да қоймас мазарға.
Қолында барда алтынның
бағалай қойсын нарқын кім.
Қай елдің дәмін татсаң да,
Қамын ойладың халқыңның.
Шарлайтын едің көп елді,
Көлігің неге бөгелді?
Қай жаққа кеттің, Ағажан,
Көрсетпеймісің төбенді?!
Үрімші ме әлде Үрім бе, —
Жүрген де шығарсың бірінде.
Сағындырып барып ортаңа
Оралармысың түбінде?!

1993 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағам бар еді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ағам бар еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағам бар еді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ағам бар еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері