Сүйкімді қыз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сүйкімді қыз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1286
Бүлдіргендей уылжып піскен ерін,
піскен ерін үшінен тістеледің.
Үр қызындай үлбірей бастағанда
кішкене едің,
білмеген түске енерін,
әдемі қыз,
Әлі күнге өзіңнен дәмеліміз!
Құралайдай қырдағы керілгенде,
еріп сала беретін ерін демде,
қылдырықтай қыпша бел,
қаз омырау,
жаз едің-ау,
— барлығы,
тегіңнен бе?
Сүйкімді қыз,
түнде кіріп түсіме, ұйқымды бұз!
Үркіп қашқан даланың елігі едің,
елігіме жетсем деп желігемін.
Жүрек сыздап барады күннен-күнге,
дәру болса жарады сенің емің.
Сырғалы қыз,
сүқтанып-ақ сыртыңнан тұрғанымыз!
Ән-жырымның ендігі өзегісің,
қу келеді қыз деген — сеземісің?
Не деріңді көзіме қарап айтшы,
сөз берейін өзіңе кезек үшін,
құралай қыз,
қалай ғана әлі де ұнамаймыз?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйкімді қыз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сүйкімді қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйкімді қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйкімді қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері