Апыр-ай, ай мен күннің аманында – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апыр-ай, ай мен күннің аманында» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1275
Апыр-ай, ай мен күннің аманында,
алданып,
азып-тозып барамын ба,—
мұздайды жиі-жиі жүрек шіркін,
сыздайды бұрынғы орны жараның да.
Тіршілік бар ма мені шаршатпаған,
күніге қу жанымды қанша ақтарам,—
Толмай-ақ келе жатыр көңіл итің,
болмай-ақ бақ-дәреже,
мәнсапқа алаң.
Бүлініп,
баяғыдай гүл кешер ем,
бұл күнде кімге налып,
кімге сенем?,—
көңілдің қала-қала меселі іштен,
кетпеді кешегі ішкен мұң кеседен.
Осынша түңілдің деп ерте неге,
өзегім өз-өзінен өртене ме?—
Айналам алай-түлей борағандай,
отырам орана алмай көрпеме де.
Күніге күте-күте ерлік үнін,
көңілім бәріне де көнді бүгін,
Сен де бір шырылдамай,
демал, арым,
кім білсін,
не боларын ендігі күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апыр-ай, ай мен күннің аманында өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Апыр-ай, ай мен күннің аманында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апыр-ай, ай мен күннің аманында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апыр-ай, ай мен күннің аманында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері